Басшылық туралы мәлімет

Бисембаев Абай Айдарханұлы
Бисембаев Абай Айдарханұлы
Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқарушысы

1967 жылғы 21 мамырда Көкшетау облысында туған. 

1992 жылы «әлеуметтік-саяси қатынастар теориясы» мамандығы бойынша М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік университетін, 1996 жылы «қаржы және кредит» мамандығы бойынша Қазақ Мемлекеттік басқару академиясы жанындағы Нарық институтын бітірген. Саяси ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1984 жылы Көкшетау облыстық Құрылыс-монтаждау басқармасының жұмысшысы болып бастаған. 

1985-1987 жылдары Кеңес Әскерінің қатарында қызмет атқарған.

1992 жылы ҚазКСР Ғылым академиясы Экономика институтының ғылыми қызметкері болған.

1992-1994 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлік жөніндегі мемлекеттік комитеті инвестициялық қорлар басқармасының жетекші маманы, бастық орынбасары, бастығы қызметтерін атқарған.

1994-1995 жылдары Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті Іс басқармасының аумақтық даму бөлімінің бас инспекторы, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Экономикалық консультанттар кеңесінің консультанты болған.

1995-1996 жылдары Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының мүшесі болған.

1996-2006 жылдары «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» АҚ вице-президенті, президенті қызметтерін атқарған.

2006-2012 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарушысының орынбасары қызметін атқарған.

2012 жылғы қыркүйек айында Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқарушысы қызметіне тағайындалған.
 II  дәрежелі «Барыс»,«Құрмет» ордендерімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Толығырақ..
Баттақов  Ерлан Еркінұлы
Баттақов Ерлан Еркінұлы
Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарушысының бірінші орынбасары

1969 жылғы 9 қазанда Қарағанды қаласында туған.

1992 жылы Қарағанды политехникалық институтын «құрылыс бұйымдары мен конструкциялар өндірісі» мамандығы бойынша бітірген. 1997 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік статистика комитеті мен Еңбек министрлігінің Республикалық салааралық біліктілікті жоғарылату институтын «бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1992 жылы Қарағанды политехникалық институтында құрылыс бұйымдары мен конструкциялар өндірісі кафедрасының зерттеуші қызметкері болып бастаған.

1995 жылы - «Алатау Инвест» инвестициялық өндірістік қорының бас маманы.

1996 жылы - Қазақстан Республикасының Ұлттық бағалы қағаздар жөніндегі комиссиясы Бағалы қағаздар нарығын реттеу басқармасының маманы, бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметті лицензиялау бөлімінің бастығы лауазымын атқарған.

1996 - 2007 жылдары - «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» АҚ бас маманы, бөлім бастығы, басқарма бастығы, қаржылық директоры.

2007 - 2008 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау және қаржыландыру бөлімі қаржы - талдау секторының меңгерушісі.

2008 - 2010 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау және қаржыландыру бөлімінің меңгерушісі.

2010 - 2012 жылдары - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы қаржы-экономикалық бөлімінің меңгерушісі.

2012 - 2017 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарушысының орынбасары.

2017 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарушысының бірінші орынбасары

«Құрмет» орденімен марапатталған.

Толығырақ..
Әйтенов Мұрат Дүйсенбекұлы
Әйтенов Мұрат Дүйсенбекұлы
Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары

1981 жылы 30 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай қаласында туған.

2004 жылы армия генералы С.М. Штеменко атындағы Краснодар әскери институтын «Ұйымдастыру және ақпаратты қорғау технологиясы» мамандығы бойынша бітірген. 2011 жылы Қазтұтынуадағының Қарағанды экономикалық университетің «заңтану» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын Астана қаласында 2004 жылы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі жанындағы арнайы байланыс бөлімінің кезекшілік ауысымының аға инженер-бастығы болып бастаған.

2006-2008 ж. – ҚР ПІБ «Астана-Өнім» АҚ шаруашылық ауласының меңгерушісі.

2008-2010 ж. – ҚР ПІБ ведомстволық қарасты ұйымдарды басқару жөніндегі бөлімнің өндірістік қызметті үйлестіру секторының сарапшысы.

2010-2012 ж. – Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2012-2013 ж. – Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі.

2013-2016 ж. - Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының аппарат басшысы.

2016 жылдың желтоқсан айынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарушысының орынбасары.

Толығырақ..
Оразқұлов Қанат Орынтайұлы
Оразқұлов Қанат Орынтайұлы
Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарушысының орынбасары

1970 жылы 27 қарашада Жамбыл облысында туған.

1993 жылы Қазақ ауыл шаруашылық институтының «Орман шаруашылығы» мамандығы бойынша бітірген. 2002 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 1993 жылы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының Түрген тері-орман шаруашылығы Есік орманшылығында маман болып бастаған.

1994 - 1997 ж. - ҚР ҰҚК Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша басқармасының бөлімшелерінде қызмет өткерген.

1997 -2009 ж. - Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің кадр, сапарларды және ҚР Президенттің жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімшелерінде әртүрлі офицерлік және басшы лауазымдарда қызмет өткерген.

2009 – 2014 ж. - Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметі бастығының орынбасары.

2014 – 2017 ж. - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары.

2017 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарушысының орынбасары.

Толығырақ..
Әмірғалиев Азамат Халимеденұлы
Әмірғалиев Азамат Халимеденұлы
Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының аппарат басшысы

1976 жылғы 24 қазанда Алматы қаласында туған.

1998 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын «заңгер - халықаралық құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

1998 - 2006 ж. - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бас маманы, бөлім бастығы, директор орынбасары, директор, комитет төрағасының орынбасары.

2006 - 2009 ж. - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің заңнама бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2009 - 2011 ж. – «Альянс Банк» АҚ корпоративтік хатшысы.

2011 - 2017 ж. - Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы заң бөлімінің меңгерушісі.

2017 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының аппарат басшысы.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Толығырақ..